«ЭСТАУ» ТАУАР БИРЖАСЫ ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 22-28 мамыр аралығында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Эстау» Тауар биржасы» АҚ-ға (бұдан әрі – Тауар биржасы) қатысты анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуын бақылау бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Тексеру қорытындылары бойынша Тауар биржасы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 141 бұйрығымен бекітілген деректерді шифрлеу бөлігінде Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесіне қойылатын міндетті талаптарын сақтау бойынша бұзушылықтарды толық жоймағаны анықталды.

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 152-бабына сәйкес, Тауар биржасына анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді, сондай-ақ Тауар биржасы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 268-бабының 9-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/press/news/details/1015185?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version