Мойынқұм аудандық орталық ауруханасының жұмысына талдау жасалды: бірқатар олқылықтар анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Мойынқұм аудандық орталық ауруханасының жұмысына талдау жасалды: бірқатар олқылықтар анықталды
Жұмыс сапары аясында Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек Мойынқұм аудандық орталық ауруханасына барып, көрсетілетін медициналық қызмет сапасына жасалған жан-жақты талдаумен танысты. Аурухана ұжымымен өткен кездесуде қызмет көрсету сапасын арттыру, медициналық көмектің қолжетімділігі мен пациенттердің шағымдарына дер кезінде жауап беру мәселелері кеңінен талқыланды.
Алаңдатарлық жайттардың бірі – 2025 жылы тіркелген ана өлімі. Бұл жағдай медициналық мекеме басшылығы мен облыстық денсаулық сақтау органдары тарапынан шұғыл шаралар қабылдауды қажет ететін елеулі көрсеткіш ретінде бағаланды.
Сапар қорытындысы бойынша Сержан Назарбек ішкі бақылау жүйесін күшейту, күрделі оқиғалардың алдын алу және пациенттер үшін қауіпсіз әрі жайлы жағдай жасау бағытында нақты тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар, медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және аурухананың материалдық-техникалық базасын нығайту мәселелеріне де ерекше назар аударылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-densaulyk/press/news/details/1015588?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version