Наурызбай ауданында «Алматы — ортақ үйіміз» кампаниясы аясында кезекті сенбілік ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Наурызбай ауданында «Алматы — ортақ үйіміз» кампаниясы аясында кезекті сенбілік ұйымдастырылды. Бұл игі шара аудан тұрғындарының ауызбіршілігінің, туған жерге деген шынайы жанашырлығының айқын көрінісіне айналды.

Күннің алғашқы сағаттарынан-ақ ауданның белсенді азаматтары — аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, мердігер ұйымдардың өкілдері мен жергілікті тұрғындар – барлығы 150 адам бірігіп, аудан тазалығы мен көркі үшін жұмыла еңбек етті.

Тазалық жұмыстарына 20 арнайы техника жұмылдырылып, ауқымды іс-шаралар жүргізілді. Атап айтқанда:
 • жаяу жүргінші жолдары сыпырылды;
 • автокөлік жолдары жуылды;
  • өзен арнасы санитарлық тұрғыда тазаланды,
 • қоқыс теру,
 • ағаштар мен бұталарды қырқу және шөп шабу жұмыстары жүргізілді;

Барлығы 150 текше метрден астам қоқыс шығарылды.

Бұл — жай ғана сенбілік емес. Бұл — қаламызға деген сүйіспеншіліктің, қоршаған ортаға жанашырлықпен қараудың, әр тұрғынның азаматтық жауапкершілігінің жарқын көрінісі.

Әрбір қатысушыға шынайы алғысымызды білдіреміз.

Алматы — біздің ортақ үйіміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-nauryzbai/press/news/details/1015689?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version