Қарағандыда дәмханада жасалған ақша ұрлығы ашылды
Қарағанды қаласының дәмханаларының бірінде орын алған ірі көлемдегі ақша ұрлығы криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің нәтижесінде әшкереленді.
Полицияға шағыммен жүгінген қала тұрғыны белгісіз біреудің өзіне тиесілі 285 000 теңге көлеміндегі қаражатты жасырын түрде ұрлап кеткенін хабарлаған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 44 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Күдікті жасаған қылмысын мойындады.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын толық анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-karaganda/press/news/details/1015209?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау