Қопа көліндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көкшетау қаласы – Қазақстандағы көл жағасында орналасқан жалғыз облыс орталығы.

Қопа көлінің су айдыны мен жағажайларындағы қауіпсіздікті Ақмола облысы ТЖД жедел-құтқару жасағы қамтамасыз етеді.

Құтқарушылар тәулік бойы кезекшілік атқарып, күндіз де, түнде де көлді патрульдейді. Олардың иелігінде төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге мүмкіндік беретін заманауи Marlin 830 катері бар. Сонымен қатар, ТЖД қызметкерлері балықшылармен және демалушылармен үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, судағы қауіпсіздік ережелерін еске салады.

 

Құтқарушылардың жұмысы көбінесе батыл әрекеттерді талап етеді: тек өткен жылы Қопа көлінде 8 адам, соның ішінде 3 бала құтқарылған.

 

Қауіпсіздікті қамтамасыз етуде заманауи технологиялар да көмекке келеді. Жедел-құтқару жасағының базасында 100 есе үлкейтіп көрсететін бейнебақылау камерасы орнатылған. Бұл құрылғы көлдің бір шетінен екінші шетіне дейін бақылауға мүмкіндік береді, осылайша төтенше жағдайлардың алдын алып, судағы қауіпсіздік ережелерін бұзғандарды анықтауға септігін тигізеді.

 

Құтқарушылардың айтуынша, тәулік бойғы патруль, профилактикалық жұмыс және жаңа технологиялар көлдегі қауіпсіздікті айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

 

Ақмола облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-akmola/press/news/details/1015085?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version