Рұқсатсыз және талапқа сай емес: Қонаевта жүргізілген тексеру нәтижелері

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қонаев қаласында құрылыс нысандары, сауда павильондары мен абаттандыру ахуалына бірлескен мониторинг жүргізілді. Тексеру ҚР «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңының 25-бабына сәйкес ұйымдастырылды.

Шара Қонаев қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі, кәсіпкерлік бөлімі және қалалық прокуратура өкілдерінің қатысуымен өтті.

Тексеру барысында тиісті рұқсат құжаттарынсыз орнатылған нысандар анықталды. Аталған нысан иелеріне заң бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жою туралы ресми хабарламалар берілді.

Сонымен қатар, заңның 68-бабына сәйкес келмейтін құрылыс жұмыстары да тіркелді. Бұл жағдайлар бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін құзырлы мемлекеттік органдарға хат жолданды.

Айта кетейік, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету жұмыстары Қонаев қаласында тұрақты түрде жүргізіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-qonaev/press/news/details/1015467?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version