2025 жылғы жаз маусымының басталуына байланысты Сарыағаш ауданының аумағында балалар мен ересектердің суға түсу маусымындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы алдын алу шаралары қолға алынып, жұмыс жүргізілуде.
Жаз – бұл демалыс, суға шомылу, серуендеу уақыты. Балалар үшін – жазғы демалыс, ал ересектер үшін еңбек демалысының кезеңі. Осы уақытта тұрғындардың өзендер мен көлдерге, бассейндерге барып суға шомылуы жиілейді. Алайда, демалыс кезінде судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау – аса маңызды.
Су айдындарында қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін Сарыағаш ауданы әкімдігі мен төтенше жағдайлар қызметі бірлесіп, қауіпсіздік белгілерін орнату жұмыстарын жүргізді. Қазіргі таңда, аудан аумағындағы өзен-көлдерде, шомылуға рұқсат етілген және тыйым салынған жерлерде арнайы ескерту және ақпараттық белгілер қойылды.Бұл белгілер тұрғындарға судағы қауіпсіздік талаптарын ескертіп, қауіпті аумақтарда шомылмауды ескертеді.
Аудан тұрғындары мен қонақтарын суға шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз:
- Тек рұқсат етілген жерлерде шомылыңыз;
- Балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
- Мас күйінде суға түспеңіз;
- Қауіпті жерлерге (жылдам ағысты, терең, белгісіз) жақындамаңыз.
Қауіпсіздік – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1015511?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау