САРЫАҒАШТА 600 ОРЫНДЫҚ ОҚУШЫЛАР САРАЙЫ БОЙ КӨТЕРУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз» деп, балаларға терең әрі тағылымды тәрбие беру қажет екенін атап өтті. Сарыағаш ауданында мемлекеттің қолдауымен көптеген жобалар жүзеге асырылуда. Солардың бірі, Сарыағаш қаласының аумағында салынып жатқан жаңа буынды дамыту орталығы. Өңір басшысы Арман Абдуллаев құрылыс алаңына арнайы барып, мердігер мекеме өкілімен кездесті.

Бүгінде балалар мен жастардың жан-жақты дамуына үлес қосатын көпфункционалды орталықтың ғимараттының іргетасын құю жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс алаңында 22 жұмысшы және 3 техника жұмыс жасауда. Тапсырыс беруші мекеме -Түркістан облысының құрылыс басқармасы.

Құрылыс нысанының басында болған Арман Абдуллаев мердігер мекеме өкіліне ғимарат жастар игілігі үшін салынып жатқандықтан берік әрі сапалы болуы қажеттігін ескертті. Сонымен қатар, мердігер мекеме өкіліне жұмыс қарқынын күшейтуді,мерзімінде сапалы аяқтауды тапсырды.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1015494?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version