Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі іс-шара

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 11 маусымда Алматы қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Мамай Қаниұлы Ахетов Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасының қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша оқыту іс-шарасын өткізді.

Мемлекеттік қызметшілермен профилактикалық жұмыс барысында мемлекеттік қызметтің әдеп қағидаттарын сақтауға назар аударылды: адалдық, шынайылық, әділдік, ашықтық, сыпайылық және клинетке бағдарлану.

Әдеп жөніндегі уәкіл “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” Қазақстан Республикасының Заңында көзделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер айтылды: мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыру; жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының бірлескен қызметіне жол бермеу; мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтарды алу немесе алу мақсатында ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану; егер мұндай іс-әрекеттер қызметтік өкілеттіктерге кіретін болса, оларды ұсынған адамдардың пайдасына материалдық сыйақы, сыйлықтар немесе қызметтер алу; Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан шетелдік банктерде шоттар ашу және иелену, Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан шетелдік банктерде қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтау, мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда алкогольдік және есірткілік, және (немесе) уытқұмарлық,мас күйде болуының алдын алу және оған жол бермеу бойынша профилактикалық жұмыс жүргізу, есірткі құралдардың, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын, прекурсорларды медициналық емес мақсатта тұтыну, көлік құралын алкогольдік және (немесе) есірткілік, және (немесе) уытқұмарлық, мас күйде басқарудың алдын алу мақсатында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілерге Әдеп кодексінің талаптары, қызметтен тыс уақытта мемлекеттік қызметшілердің ойын мекемелеріне барудан және мінез-құлық ережелерін қатаң сақтау қажеттілігі туралы айтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-depfin/press/news/details/1015559?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version