Туризм саласын дамыту мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен өткен мәжілісте туризм саласын дамыту және туристік әлеуетті арттыру бағытындағы нақты шаралар қаралды.

Жиында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автомобиль дәлізінің бойындағы сервистік кешеннің талапқа сай жұмыс істеуін бақылау, аудандық және облыстық маңызы бар жолдардың санитарлық тазалығын күнделікті қадағалау тапсырылды.

Сонымен қатар, тарихи-мәдени ескерткіштер мен мұраларды насихаттау мақсатында бейнероликтер әзірлеу, сондай-ақ экскурсиялар ұйымдастыру бойынша жұмыстар жандандыру қажеттігі атап өтілді.

Аудан әкімі туризм саласындағы жұмысты үйлестіруді күшейту және туристік сервистерді жақсарту бағытында жауапты сала басшыларына нақты міндеттер жүктеді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhalagash/press/news/details/1015423?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version