ТЖМ қызметкерлері тез тамақтану кафесіндегі өртті сөндірді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 11 маусым күні сағат 13:45-те  Шымкент қ. Әл-Фараби ауданында Тауке хан даңғылының бойында орналасқан кафеде өрт орын алды.

Жедел келген құтқарушылар өрттің таралуына жол бермей, 12 ш.м. алаңдағы жануды сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Оқиға орнына Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 36 жеке құрамы және 6  техника, сондай-ақ Апаттар медицинасы орталығының 1 бригадасы жұмылдырылды.

🔺 Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады!

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/1015767?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version