Заң мен тәртіп: Әкімшілік ғимараттар дирекциясының ұжымына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы дәріс

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен құқықтық сауаттылықты қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментімен шаруашылық жүргізу құқығындағы «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының әкімшілік ғимараттар дирекциясы» РМК қызметкерлері үшін ақпараттық дәріс өткізілді.

Кездесудің негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру, ықтимал тәуекелдерді тудыруы мүмкін типтік жағдайларды талқылау және қызметкерлер арасында заңға бағынатын мінез-құлық мәдениетін нығайту.

Ұжым алдында Астана қаласы бойынша Департамент Превенция басқармасының АМІ бойынша офицері Нұрболат Мақсұт сөз сөйлеп, мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелердің жиі кездесетін бұзушылықтары туралы айтып, сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған жағдайда іс-әрекеттер бойынша нақты ұсыныстар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-astana/press/news/details/1015128?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version