БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА АРДАГЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ
Бәйдібек ауданының орталығы Шаян елді мекенінде “Тең қоғам – Белсенді ұзақ өмір сүру” орталығы ашылды. Шараға Бәйдібек ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Бақыт Қырғызалиев және Бәйдібек аудандық мәслихатының төрағасы Имангелді Түймебаев арнайы қатысып, аудан тұрғындарын жаңа орталықтың ашылуымен құттықтады.
«Аталған орталықтың ашылуы – ауданның әлеуметтік дамуындағы үлкен қадам, бұл – мемлекет тарапынан халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты және тиімді қолдаудың айқын көрінісі және аудан халқының денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және әрбір азаматтың қоғамдық өмірге белсене араласуына бағытталған маңызды әрі құнды бастама» – деді Бақыт Тұрсынәліұлы.
Қазіргі таңда азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту, оларды әлеуметтік ортаға бейімдеу, өзара байланыс орнату және дене белсенділігін арттыру – қоғам дамуының негізгі басымдықтарының бірі. Осы мақсатта ашылған орталықтың заманауи талаптарға сай жабдықталуы, кәсіби мамандармен қамтылуы және әрбір келушіге ыңғайлы жағдай жасалуы басты назарға алынған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
__________
В БАЙДИБЕКСКОМ РАЙОНЕ ОТКРЫЛСЯ СОВРЕМЕННЫЙ ЦЕНТР ДЛЯ ВЕТЕРАНОВ
В населенном пункте Шаян, центре Байдибекского района, открыт центр “Равное общество – активное долголетие”. В мероприятии приняли участие временно исполняющий обязанности акима Байдибекского района Бахыт Кыргызалиев и председатель Байдибекского районного маслихата Имангелды Туймебаев, которые поздравили жителей района с открытием нового центра.
“Открытие данного центра является большим шагом в социальном развитии района и наглядная демонстрация реальной и эффективной поддержки со стороны государства, направленная на повышение благосостояния населения, и важная и ценная инициатива, направленная на укрепление здоровья населения района, пропаганду здорового образа жизни и активное участие каждого гражданина в общественной жизни, – отметил Бахыт Турсыналиулы.
В настоящее время улучшение качества жизни граждан, адаптация их к социальной среде, установление взаимосвязей и повышение физической активности – один из основных приоритетов развития общества. В этих целях основное внимание уделяется оснащению центра в соответствии с современными требованиями, охвату профессионалами и созданию комфортных условий для каждого посетителя.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1015159?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау