Бүгін «Жасыл ел» еңбек жасағы облыстық мамандандырылған балалар үйіне арнайы барып, қайырымдылық мақсатында тазалық жұмыстарын жүргізді.
Шара барысында жастар мекеме аумағын тазалап, қоршаған ортаны абаттандыруға өз үлестерін қосты. Балалар үйінің айналасындағы жасыл желектерді ретке келтіріп, қоқыстан тазарту, ағаштардың түбін қопсыту сияқты жұмыстар атқарылды.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1015396?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау