№2 халыққа қызмет көрсету орталығында «Ашық есік» күні өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 12 маусымында «Қоғамдағы заң мен тәртіп идеялогиясын ілгерілету» негізінде сонымен қатар, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының №2 халыққа қызмет көрсету орталығында «Ашық есік» күні өткізілді. Шараға Қызылорда облысы Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы, Әдеп жөніндегі уәкіл Оразгелді Ұзақбай Оразгелдіұлы және сала мамандары, адвокаттар, нотариустар қатысты. Азаматтар тарапынан қойылған түрлі мәселелер бойынша сұрақтарына мамандар тарапынан жауап беріліп, құқықтық кеңестер көрсетілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kzl/press/news/details/1016138?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version