2025 жылғы 11 маусымда инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі облыстық жобаның бірінші кезеңінің қорытындысын өткізу шеңберінде “А. Бөкейхан атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)” КММ базасында “№3 жалпы білім беретін мектеп” КММ инклюзивті білім беруді дамыту ресурстық орталығының ауданның балабақшаларымен және мектептерімен өзара іс-қимыл тәжірибесі ұсынылды.
Іс-шараны өткізу барысында бүгінгі күннің өзекті мәселелері қаралды, атап айтқанда: оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша педагогтердің құзыреттілігін арттыру, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтендіру.
Семинар соңында қонақтар ұйымдастырушылар мен қатысушыларға мазмұнды іс-шара үшін алғыстарын білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1016021?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау