Кездесу барысында аудан басшысы ауданда жүзеге асырылып жатқан негізгі жұмыстарға тоқталып, оның ішінде жол жөндеу, көпір салу, әлеуметтік нысандар құрылысы сынды маңызды бағыттарды атап өтті.
Кездесуде ауыл тұрғындары бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Қызылту ауылында ұялы байланыс желісін орнату қажеттілігі, ауылішілік жолдарды тегістеу және электр желісіне қосымша қуат көздерін тарту мәселелері айтылды.
Сонымен қатар, ауыл ішінде тіркеусіз жүрген мотоциклдер мен мопедтердің қозғалысына бақылау орнату, сондай-ақ көлік жүргізушілерінің жылдамдықты арттыру деректеріне байланысты қосымша шектеу белгілерін қою қажеттігі туралы ұсыныстар білдірілді.
Ағымдағы жылы ауылішілік көпір құрылысы мен екі көшеге асфальт төсеу жұмыстары басталған. Аталған жобалардың орындалуын қадағалау жұмыстары жүргізілуде.
Кездесу соңында аудан әкімі Асланбек Шуиншалиев тұрғындарды жеке қабылдап, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-tamdy/press/news/details/1016000?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау