ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті автомобиль жолдарын салу сапасын бақылау мақсатында мониторинг жүргізеді.
Бүгінгі таңда өңірде республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар 15 автомобиль жолы мониторингпен қамтылған.
Мәселен, ұлттық жол активтері сапасы орталығының өкілі, тапсырыс беруші – «Көкшетау Жолдары» ЖШС өкілі, сондай – ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтер Сұлтанбек Бекешевтен тұратын мониторингтік топ «Көкшетау-Кішкенекөл» республикалық маңызы бар автожолға көшпелі тексеру жүргізді.
Мониторинг барысында бұзушылық анықталды: жол жиегінде судың табиғи ағуына кедергі келтіретін және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне әсер ететін инертті материалдан жасалған білік бар.
Енгізілген ескерту бойынша орындалу барысы Департамент пен өңір жұртшылығының ерекше бақылауында тұр.
Мониторингтік топтың шығуы аталған объектілердің құрылысы мен реконструкциясы толық аяқталғанға дейін тұрақты негізде жүргізілетін болады.
#Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-aqmola/press/news/details/1016538?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау