Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ №8 мекемесінің қызметкерлері Полиция күні мен Донор күніне орай қан тапсырды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №8 мекеменің қызметкерлері Полиция күні мен Бүкіләлемдік Донор күніне орайластырып, облыстық қан орталығында ерікті түрде қан тапсырды.

Бұл игі шара – адамдардың өмірін құтқаруға бағытталған маңызды әлеуметтік бастаманың бір бөлігі болып табылады. Қызметкерлер өз еріктерімен донор ретінде қатысып, қайырымдылық пен азаматтық жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсетті.

– Мұндай акциялар қызметкерлер арасында адамгершілік құндылықтарды нығайтып, қоғам алдындағы міндетті терең сезінуге жол ашады. Сонымен қатар, бұл іс-шара кәсіби мерекелер қарсаңында ерекше маңызға ие болып отыр, – деді Тәрбие және кадр жұмысы бөлімшесінің бастығының м.а. әділет капитаны Юсупов Ардак Тургалиевич.

Облыстық қан орталығының мамандары ҚАЖ қызметкерлеріне алғыс білдіріп, донор болудың денсаулыққа пайдасы мол екенін және қан компоненттерінің көптеген науқастар үшін өмірлік маңызы бар екенін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisaktobe/press/news/details/1016042?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version