Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, дербес бөлімдер мен мекемелердің басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері қатысты. Күн тәртібінде бес өзекті мәселе қаралды.
Бірінші мәселе – «Сарыағаш қызмет» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызмет барысы және туындаған мәселелер туралы. Аталған мәселе бойынша мекеме директоры М.Күкебаев баяндама жасап, қазіргі жағдай, қызмет көрсету сапасы мен материалдық-техникалық базаның жаңартылу қажеттілігі жөнінде кеңінен тоқталды.
Екінші мәселе – «Таза Қазақстан» аясында аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар, қабылданып жатқан шаралар және өзекті проблемалар туралы болды. Бұл бағытта аудан әкімінің орынбасары М.Байгабулов пен жергілікті полиция қызметінің бастығы Б.Мусабек есеп беріп, санитарлық тазалық орындары және тұрғындармен жүргізіліп жатқан жұмыстары нәтижесін баяндады.
Аудан аумағындағы каналдар мен қашыртқыларды қазіргі жағдайы және тазалау шаралары туралы су шаруашылық коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Н.Алданазаровтың баяндамасы тыңдалды.
Төртінші мәселе орындаушылық тәртіп аудан әкімі аппаратының басшысы О.Ыбрай баяндады. Күн тәртібіндегі соңғы мәселе аудандағы аумағындағы үгіт-насихат құралдарының жай-күйі туралы ауданның ішкі саясат бөлімінің басшысы З.Хамзаева кеңінен тоқталды.
– Әр аппараттық мәжіліс тапсырмалар берілуде. Алайда нәтижесі баяндалмауда. Орындалу барысы емес, сіздерден нақты жұмыс және нақты нәтиже талап етемін,-деп аудан әкімі баяндамашыларға ұсыныстар атап өтті.
Мәжіліс қорытындысы бойынша аудан әкімі Арман Абдуллаев тиісті бөлім басшылары мен ауыл әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді. Аталған мәселелер бойынша бақылауды күшейтіп, нәтижелі жұмыс жүргізу қажеттігін ескертті. Берілген тапсырмалар тиісті хаттамаға енгізілді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1016559?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау