Тараз қаласындағы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде №7 гимназия оқушыларына арналған Ашық есік күні өтті. Іс-шараны Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы Жедел-құтқару жасағымен бірлесіп ұйымдастырды.
Оқушылар құтқарушы және өрт сөндіруші мамандығымен танысып, өрттерді сөндіру мен адамдарды құтқару кезінде қолданылатын заманауи техника мен арнайы жабдықтарды көрді. Басқарма мамандары балаларға өрт кезінде, судағы қауіп төнген жағдайда және басқа да төтенше жағдайлар кезінде қалай әрекет ету керектігі туралы түсіндіріп берді.
Ең үлкен әсер қалдырған сәттердің бірі — балалардың жауынгерлік киімді киіп көруі, өрт сөндіру көлігіне отыруы және нағыз мамандарға сұрақтар қоюы болды.
Жамбыл облысы ТЖД ИЖ және СКТ
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1016363?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау