Астанада «Алтын Гефест» 15-ші мерейтойлық ұлттық салалық байқауының марапаттау рәсімі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада еліміздің тау-кен металлургия кешеніндегі ең беделді кәсіби наградалардың бірі – «Алтын Гефест» 15-ші ұлттық салалық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Марапаттау рәсіміне ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Альберт Рау, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков, Eurasian Resources Group бас директорының Қазақстандағы қаржы жөніндегі орынбасары Данияр Рахматуллаев қатысты.

Осы жылдар ішінде «Алтын Гефест» байқауы кәсіби өсуді ынталандыруға, инновацияларды енгізуге және Қазақстанның тау-кен металлургия өнеркәсібінің кадрлық әлеуетін нығайтуға көмектесетін маңызды іс-шараға айналды.

Рәсімде мемлекеттік органдардың өкілдері, мамандандырылған кәсіпорындардың басшылары, кәсіби қоғамдастық, сарапшылар мен байқау серіктестері жиналды. Іс-шара барысында сала қызметкерлерінің ерекше жетістіктері мен кәсібилігі, олардың Қазақстан экономикасын дамытуға қосқан үлесі атап өтілді.

Мерейтойлық жылы тәуелсіз қазылар алқасының конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша үздік мамандар мен үздік жобалар анықталды:

1) «Жыл кәсіпқойы. Жыл геологы» – Қ.И. Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институтының бас ғылыми қызметкері Марат Бітімбаев;

2) «Жыл кәсіпқойы. «Жыл кеншісі» – «Варваринское» АҚ тау-кен учаскесінің бастығы Сергей Петрунин;

3) «Жыл кәсіпқойы. «Жыл кеншісі» – «Востокцветмет» ЖШС кеншісі Тимур Серікпаев;

4) «Жыл кәсіпқойы. Жыл байытушы маманы» – «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС кен байыту кешенінің бас байытушы маманы Бауыржан Қожабеков;

5) «Жыл кәсіпқойы. Жыл металлургы» – Eurasian Resources Group құрамына кіретін Қазақстан электролиз зауыты (ҚЭЗ) алюминий электролиз цехының электролиз сериясының ауысым шебері Елдос Жұмабеков;

6) «Жыл кәсіпқойы. Тау-кен металлургия кешеніндегі әйелдер» – Басқарма мүшесі – «Қармет» АҚ Басқарма төрағасының қаржы және стратегиялық даму жөніндегі орынбасары Зәуре Зәуірбекова;

7) «Жыл кәсіпқойы. Тау-кен металлургия кешеніндегі әйелдер» – «Maker» ЖШС коммерциялық директоры Светлана Алексеева;

8) «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» – KAZ Minerals тобы «Семей қаласындағы 1200 оқушыға арналған №50 орта жалпы білім беретін ІТ мектеп-лицейінің құрылысы және жабдықталуы»;

9) «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жыл көшбасшысы» – «Kazzinc» ЖШС, OneApp интеграцияланған платформасы;

10) «Үздік ESG стратегиясы» – Solidcore Resources plc, «Solidcore Resources plc интеграцияланған ұзақ мерзімді ESG стратегиясы»;

11) «Тау-кен металлургиялық кешендегі үздік цифрлық шешім» (ERG сыйлығының бас серіктесінің арнайы номинациясы) – «Qarmet» АҚ, Көмір департаментінің диспетчерлік-талдау орталығы және персонал мен жабдықтарды орналастырудың біріктірілген жүйесі;

12) «Жыл тәлімгері» – «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС флотаторы Күлкен Дагилова;

13) «Жыл оқытушысы» – «Рудный индустриалды университеті» ҰӘҰ металлургия және тау-кен ісі жоғары мектебінің деканы, техника ғылымдарының кандидаты Сергей Кузьмин;

14) «Үздік дипломдық жұмыс» –Асылбек Ғизатов, «Еңбек нарығындағы тоқырауды болдырмау және Қазақстан Республикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін экономиканың негізгі секторларында табыстылықты болжау моделін әзірлеу» диссертациясының тақырыбы;

15) «Жыл медиа жобасы. Баспасөздегі және интернет-ресурстардағы тау-кен-металлургиялық кешен бойынша үздік журналистік жұмыс» – KURSIV MEDIA, «Мыстың бағасы: Қазақстандық кеншілер қалай өмір сүріп, жұмыс істейді»;

16) «Жыл медиажобасы. Теледидардағы тау-кен металлургия кешені бойынша үздік журналистік жұмыс» – «Хабар» Агенттігі» АҚ 24KZ телеарнасының тілшісі Вячеслав Ветлугин, «Қазақстан Республикасындағы литий кен орындарын іздеу және оның қорын бағалау».

Сондай-ақ, саланы дамытып, көп жылғы қажырлы еңбегі үшін арнайы марапат өндіріс ардагері – «Республикалық тау-кен және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығы» АҚ атқарушы директорының бірінші орынбасары, құрметті кенші, Ұлттық ғылыми кеңестің мүшесі, Халықаралық инженерлік академияның академигі Төлеген Мұхановқа берілді.

«Алтын Гефест» байқауы жетекші сала мамандарын біріктіруді, кәсіпқойлықты, креативті идеяларды және өндіріс қауіпсіздігінің жоғары стандарттарын ынталандыруды және жаңа буын мамандарын өршіл мақсаттарға жетуге шабыттандыруды жалғастыруда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/1012418?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version