Бүгін аудан орталығы Темірлан ауылындағы «Темірлан» спорт кешенінде аудан әкімінің орынбасары Илияс Тұрнияз және аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нуриддин Асанбаевтың төрағалығымен маңызды жиын өтті.
Жиынға ОРМБЖСМ, Ордабасы аудандық №1, 2, 3 БЖСМ және «Темірлан спорт клубының» директорлары, орынбасарлары, әдіскерлері мен күрес түрлерінің барлық жаттықтырушылары қатысты.
Кездесу барысында күрес спортын дамыту, алға қойылған жоспарларды тиімді іске асыру, спорттық жарыстарға қатысу мен өткізу тәртібі, спорт нысандарын ретке келтіру және тазалық жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, спорттық жабдықтар тапшылығы, өзекті проблемаларды шешу жолдары, спорт ғимараттарының техникалық жағдайы мен күтімі де басты назарда болды.
Жиында жас спортшыларды Қазақстан, Азия және Әлем чемпионаттарына дайындау, жүйелі түрде оқу-жаттығу жиындарын, шеберлік сабақтарын өткізу, сондай-ақ спорт саласындағы жұмыстарды әлеуметтік желілерде кеңінен жариялау бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Бұл басқосу аудан көлемінде спортты, соның ішінде күрес түрлерін дамытуға серпін беріп, жас буынды кәсіби деңгейде дайындауға бағытталған маңызды қадам болды.
Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1012446?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау