Бүгін Абай облысының әкімі Берік Уәли Шри-Ланкада өткен бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатының жеңімпаздары мен олардың бапкерлерін қабылдап, халықаралық аренадағы жоғары жетістіктерімен құттықтады.
Спортшылардың әрқайсысына 1 миллион, жаттықтырушыларға 500 мың теңге көлемінде қаржылай сыйақы берілді.
Облыс әкімі құттықтау сөзінде өңірде бокс жоғары деңгейде дамып келе жатқанын атап өтті.
«Абай елі, Семей өңірі – көптеген спорт түрлерінің Отаны. Аймақта футбол, күрес, бокс жақсы дамып келеді. Міне, өздеріңіз облысымызға Азия чемпионы атағын әкеліп отырсыңдар. Бұл – өңіріміз үшін мерей, облысымыз үшін мақтаныш. Жоғары жетістіктеріңізбен облыс атынан құттықтаймыз. Жаттықтырушылар Асан Сексенбаев пен Ғайса Ернарға рахмет айтамын. Болашақта Жанель мен Ақнұр бұдан да биік жетістіктерге жетіп, олимп шыңын бағындырады деп сенеміз. Спортшылардың жаттығулары мен жарыстарға баруына қолдау көрсетіп, демеушілік жасап жүрген кәсіпкер, меценат Махат Төрәліге ерекше алғыс айтамын. Өзіңіз облыстың бокс федерациясының тізгінін ұстағалы осындай ақжолтай жаңалықтар жиі болып жатыр. Алдағы уақытта сәттілік тілеймін», – деді өңір басшысы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-sport/press/news/details/1015925?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау