Екі бала анасының қарауынсыз екінші күн үйде отыр деп көршісі полицияға жүгінген. Ол сондай-ақ балалар 9 және 11 жаста екенін хабарлаған.
Учаскелік полиция инспекторлары мен ювеналдық полиция қызметкерлері бұл жерге дереу барды. Ақпарат расталды балалар пәтерде жалғыз болды. Анасы таныстарымен бірге еңбек демалысын тойлап, балаларды қараусыз қалдырған.
– Өмір мен денсаулық қауіпсіздігі мақсатында балалар арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау өңірлік орталығына уақытша орналастырылды. Олардың денсаулық жағдайы мен психоэмоционалды жағдайы мамандардың бақылауында, – деп хабарлады полиция департаменті.
Анасының орналасқан жері анықталғаннан кейін куәландыру жүргізілді, оның нәтижелері бойынша оның мас күйде екені расталды. Балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін анасы жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, оның мінез-құлқы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында қаралатын болады.
Полиция қызметкерлері еске салады: кәмелетке толмаған балаларды қараусыз қалдыру жауапкершілікке тартуға ғана емес, олардың өмірі мен денсаулығына да қауіп төндіруі мүмкін.
— Қырағылық танытып, бей – жай қарамаңыз-уақытылы жүгіну балаларды қауіптен қорғауға көмектеседі, – деп атап өтті полиция.
Естеріңізге сала кетейік, тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстардың алдын алу, жолын кесу мақсатында ағымдағы жылдың 10-12 маусымы аралығында облыс аумағында “Құқықтық тәртіп” Республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1016517?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау