«Балалардың сауықтыру объектілеріне қойылатын талаптар»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Балалардың сауықтыру объектілерінің құрылысы, оларды күтіп-ұстау және олардың жұмысын ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 10 тамыздағы № ҚР ДСМ-78 бұйрығымен бекітілген «Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптарына сәйкес келуге тиіс.

  • БҚҚ аумағында және үй-жайларында олармен функционалдық байланысты емес объектілерді орналастыруға жол берілмейді.
  • Сауықтыру науқаны басталғанға дейін және әр ауысым аяқталғаннан кейін техникалық персонал жалпы тазалау жұмыстарын жүргізеді. Объектілердің барлық үй-жайлары, объектілері, құрылыстары мен жабдықтары таза ұсталады. Үй-жайларды ағымдағы жинау күн сайын дымқыл тәсілмен жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, кейіннен желдете отырып жүргізіледі.
  • Объектілерде пайдаланылатын жиһаз, Жұмсақ және қатты мүкәммал, жабдық (Медициналық жабдықтар мен аспаптарды, сауықтыру қызметтерін көрсетуге арналған жабдықты, қоғамдық тамақтандыру объектілері мен ас блоктары үшін технологиялық, жылу жабдығын қоса алғанда), санитариялық-техникалық аспаптар (оның ішінде унитаздар, қолжуғыштар, ванналар, душ, душ тұғырлары) жарамды күйде ұсталуы тиіс және мақсатына сай қолданылады.
  • Балалардың денсаулығын сақтау және нығайту шарттарының бірі дұрыс ұйымдастырылған толыққанды, сапалы және қауіпсіз тамақтану болып табылады, осыған байланысты БББҰ-да тамақтануды ұйымдастыруға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақталуы қамтамасыз етілуі тиіс.
  • Балалар сауықтыру ұйымдарының, оның ішінде ас блогының персоналы жұмысқа жіберіле отырып, міндетті медициналық тексеруден және гигиеналық оқытудан өтуді қамтамасыз етуі тиіс.
  • Медицина қызметкерлері сырқаттанушылықты азайтуға және балалардың денсаулығын нығайтуға бағытталған сауықтыру іс-шараларының кешенді жоспарын әзірлеуі, сондай-ақ ауысымның басында және соңында балаларды сауықтырудың тиімділігін бағалауды қамтамасыз етуі тиіс.

БҚҚ пайдалану барысында объектілердің әкімшілігі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.

 

«Сарыкөл аудандық санитарлық

басқармасы-эпидемиологиялық

бақылау» РММ бас маман:                                  Кузякова В.А.               

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-sarykol-audany-akimat/press/news/details/1012399?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version