Біржан сал ауданының прокуроры әлеуметтік нысанның құрылысымен танысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қайтарылған активтер есебінен салынып жатқан әлеуметтік нысандар ҚР Бас Прокуроры Берік Асыловтың жеке бақылауында

 

2025 жылғы 3 маусымда Біржан сал ауданының прокуроры А.Қ. Құлышев жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бірлесіп, мемлекеттік меншікке қайтарылған активтер есебінен салынып жатқан әлеуметтік нысан: «Заозерный ауылындағы сумен жабдықтау желілерін қайта құру» құрылысы барысымен танысты.

Нысанның құрылысына мемлекетке қайтарылған активтен 118 млн теңге бөлінген.

Бұл жоба Заурал ауылдық округінің Заурал ауылының тұрғындарын сапалы ауыз суымен қамтамасыз ету және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында жүзеге асырылуда.

Құрылыстың толық көлемде аяқталуы жобаға сәйкес ағымдағы жылдың соңына дейін жоспарлануда.

 

 Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1012457?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version