2025 жылғы Қазақстан Республикасының VII жазғы Спартакиадасы аясында пара таэквондо спорт түрінен өткен жарыстарда 65+ кг салмақ дәрежесінде Абай облысының спортшысы Даулетшина Айкенже жоғары нәтиже көрсетіп, алтын жүлдені жеңіп алды.
Спортшының бұл жетістігіне оның жеке жаттықтырушысы — Мусралимов Санат Рымбекұлының кәсіби еңбегі мен дайындық барысындағы жүйелі жұмысы үлкен үлес қосты.
Осыған орай, Абай облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ержан Абылкасимов чемпион мен жаттықтырушыны арнайы қабылдап, жарыста көрсеткен жоғары нәтижелерімен құттықтады.
Абай облысының спорт саласы бұдан әрі де спортшылардың кәсіби дамуына және жоғары жетістіктерге жетуіне барынша қолдау көрсетуді жалғастырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-sport/press/news/details/1012393?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау