2025 жылғы 10–12 маусым аралығында Қазақстан делегациясы әлемдегі ең ірі агротехнологиялық көрмелердің бірі — GreenTech Amsterdam 2025 іс-шарасына қатысты. Көрме аясында нидерландтық әріптестермен бірқатар мазмұнды кездесулер өтті. Негізгі назар Қазақстанның түрлі өңірлерінде ресурсты үнемдейтін озық технологияларға негізделген жылыжай шаруашылықтарын дамытуға инвестиция тарту мәселесіне аударылды.
Іс-шара аясында Қазақстанның Нидерландтағы Елшісі Қайрат Әбдірахманов пен Нидерланд Ауыл шаруашылығы министрлігінің Бас хатшысы (вице-министр) Ян-Кейс Хут 2025 жылғы сәуірде Астана қ. өткен Ауыл шаруашылығы жөніндегі екіжақты Бірлескен жұмыс тобының үшінші отырысының Хаттамасына қол қойды.
Хаттамада тұқым шаруашылығын дамыту, Қазақстанның Жаңа өсімдік түрлерін қорғау жөніндегі халықаралық одаққа (UPOV) қосылуы бойынша бірлескен жол картасын іске асыру, аграрлық білім беру мен инновация саласындағы ынтымақтастық, мал шаруашылығы және ветеринария жобалары, сондай-ақ аквакультура мен қазақстандық агроөнімдердің ЕО нарығына экспортын ілгерілету бастамалары қамтылған.
Тараптардың пікірінше, қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру екі елдің аграрлық ынтымақтастығын стратегиялық деңгейге көтереді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hague/press/news/details/1016567?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау