KIA-НЫҢ ӨҢІРЛІК ДИЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІНДЕ ҮСТЕМ ЖАҒДАЙДЫ ТЕРІС ПАЙДАЛАНУ АНЫҚТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті жаңа жеңіл автокөліктерді сату кезінде қосымша жабдықты мәжбүрлеп сатып алуды талап ету белгілері бойынша KIA ресми дилері – («Ilbers auto») ЖШС-не үстем жағдайды теріс пайдалану фактісі бойынша хабарлама жолдады.

Монополияға қарсы орган Серіктестік әрекетінен Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының 4) және 9) тармақшаларында көзделген үстем жағдайды теріс пайдаланудың белгілерін анықтады. Бұл белгілер тұтынушыны қосымша міндеттемелерді қабылдауға мәжбүрлеу немесе шарттың мәніне қатысы жоқ, экономикалық немесе технологиялық жағынан негізделмеген талаптарды қою арқылы көрініс тапқан.

Бәсекелестік заңнамасын бұзу фактілері негізінде Департамент Серіктестікке оларды жою туралы хабарлама жіберді. Қазіргі уақытта бұзушылықтар жойылып, хабарлама орындалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/press/news/details/1016268?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version