Татьяна Анатольевна Кунц, 1962 жылы 24 сәуірде (Ресей) Костромский облысы Павинский ауданының Рябиновцы ауылында дүниеге келген. 1981 жылы Қостанай медициналық училищесін «Санитариялық фельдшер» мамандығы бойынша бітіріп, еңбек жолын Тимирязев аудандық СЭС-те эпидемиологтың көмекшісі лауазымынан бастады, онда 2003 жылға дейін жұмыс істеді.
2020-2022 жылдар аралығында СҚО СЭБ департаментінің Тимирязев аудандық басқармасының санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы қызметінде болды. 41 жылдан астам еңбек өтілі бар санитариялық қызмет маманы.
Ол «Халық алғысы» медалімен, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
2022 жылы зейнеткерлік демалысқа шықты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/1016153?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау