“Менің тәлімгерім – менің мақтанышым”: департаментте тәлімгерлермен кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Атырау облысы полиция департаментінде жас қызметкерлер мен олардың тәлімгерлеріне арналған “Менің тәлімгерім – менің мақтанышым” тақырыбында кездесу өткізілді. Шара барысында ішкі істер органдарында ұзақ жылдар қызмет атқарған ардагерлер өздерінің өмірлік және кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, жас қызметкерлерге құнды кеңестер мен бағыт-бағдар берді. Сонымен қатар, тәлімгерлік институтының маңыздылығы, жас қызметкерлерді тәрбиелеудегі рөлі мен кәсіби құндылықтарды дарыту жолдары сөз болып, жан-жақты пікірлер тыңдалды.
Атырау облысы ПД Кадр саясаты басқармасының бастығы полиция подполковнигі Нұржан Шаеденов өз сөзінде тәлімгерлік жүйе жас мамандардың қалыптасуына зор ықпал ететінін атап өтіп, қызметке жаңадан келген жас полицейлерге сәттілік тіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1016383?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version