Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 17-бабы 2-тармағына және 18-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына және 22-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы» Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29-бабына және көрсетілген Шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес:
Қазақстан Республикасының аумағынан ТН ВЭД ЕАЭС кодтары: 4401, 4403, 4404, 4406, 4407 болып табылатын жекелеген ағаш материалдарын, шыққан еліне қарамастан, алты ай мерзімге экспорттауға тыйым салынды, ЕАЭО ТН ВЭД 4406910000 «Теміржол немесе трамвай жолдарына арналған қылқан жапырақты ағаш шпалдар, басқа» және ЕАЭО ТН ВЭД 4401310000 «Шыққан елі Қазақстан Республикасы болып табылатын ағаш түйіршіктері» кодтарынан басқа.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1015985?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау