1.Жалпы ережелер
- Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына орай өңірлердегі мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметшілер арасында «Ана тілім – абыройым» облыстық байқауын 2025 жылғы 19 маусымда өткізеді.
- Байқаудың мақсаты:
– мемлекеттік тілдің қолдану мәртебесін арттыру;
– Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына орай шығармашылығын және әдеби мұрасын насихаттау;
– қоғамдық қатынастардың барлық салаларына қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қолданыс аясын кеңейтуге жағдай жасау;
– мамандардың шығармашылық әлеуетін ашу және тіл мәдениетін жетілдіру.
- Байқауға өңірлердегі мемлекеттік мекемелерден 5 адамнан құралған 1 командадан қатысады.
1.Байқауды өткізу тәртібі
- Байқау тапсырмалары мемлекеттік тілде беріледі және байқау келесі кезеңдерден тұрады:
І кезең: «Сәлемдесу». Әрбір команда өзін «Біз мемлекеттік тілді дамытуға қандай үлес қосудамыз?» тақырыбында таныстыру әзірлейді (бейне-таныстыру, сахналық қойылым. т.б) 3 минут.
ІІ кезең: «Абай-дана, Абай-дара халықта». Әрбір команда Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмір жолы мен шығармашылығына қатысты экраннан сұрақтарды таңдап, толық, нақты жауап беруі тиіс. (1 минуттан 3 сұраққа жауап береді).
ІІІ кезең: «Сөз – мерген». Мақал-мәтел, сөз тіркесі, шешендік сөздердің мағынасын ашады. Берілетін уақыт 3 минут.
ІV кезең: «Ісқағаздар сөйлейді». Әрбір команда белгілі бір жағдаятқа қатысты ресми ісқағаздың мемлекеттік тілде рәсімделген үлгісін ұсынуы тиіс. Берілетін уақыт 5 минут.
1.Қорытынды ережелер
- Басқарма тарапынан байқауға қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаз командаларды анықтау мақсатында білікті мамандардан, ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінен 5 адамнан құралған қазылар алқасының құрамы бекітіледі.
- Қазылар алқасы қатысушы командаларды бағалау кезінде төмендегі талаптарды:
1) сөйлеу мәдениетін;
2) тіл нормаларының сақталуы;
3) жауаптың толықтығын;
4) ресми іс-қағаздардың дұрыс рәсімделуін ескереді.
- Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен, ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
Байқаудың жүлде қоры:
І орын (біреу) – 500 000 (бес жүз мың) теңге;
ІІ орын (екеу) – 300 000 х 2 = 600 000 (алты жүз мың) теңге;
ІІІ орын (екеу) – 200 000 х 2 = 400 000 (төрт жүз мың) теңге;
Ынталандыру сыйлығы (екеу) – 100 000 х 2 = 200 000 ( екі жүз мың) теңге.
- Байқауға қатысу үшін өтінімдер (қосымшадағы кестеге сәйкес) 2025 жылғы 10 маусымға дейін Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында (Қарағанды қаласы, Мұстафин көшесі, 6/4 үй, 3-қабат) қабылданады тел. 78-04-09 (87025644822), эл.пошта 03resurs@mail.ru). Өтінім үлгісі
команданың атауы қатысатын өңір жауапты маман байл. телефоны
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/1016414?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау