2025 жылғы 1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қосшы қаласының прокуратурасы «Ералиев» жеке кәсіпкермен бірлесіп, 23 отбасының ерекше күтімді қажет ететін балаларын мерекелерімен құттықтады.
Іс-шараның басты мақсаты – қоғамның ерекше балаларға деген назарын күшейту, олардың әлеуметтік бейімделуіне қолдау көрсету және мейірім мен қамқорлықты сезіндіру.
Шара барысында балаларға естелік сыйлықтар табыс етіліп, жылы лебіздер айтылды.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1012355?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау