ҚР Конституциясына 30 жыл: Астанада ауқымды құқықтық форум өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының ұйымдастыруымен «Конституциялық өзгерістер. Заң және тәртіп» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тірегі – Ата Заң» ұлттық жоспарын іске асыру аясында ұйымдастырылды.

Конференцияның мақсаты – Қазақстандағы конституциялық жаңғыртудың негізгі аспектілерін, олардың елдің саяси-құқықтық жүйесіне әсерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау механизмдерін жетілдіруді, сондай-ақ заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуды талқылау болды. Іс-шара мемлекеттік билік пен Қазақстандық және шетелдік ғылыми қоғамдастық өкілдері арасындағы кәсіби диалогтың ерекше алаңы болды.

Іс-шараның ресми ашылуы «Қазақстан Конституциясының эволюция белестері» атты көрмеден басталды, ол еліміздің Негізгі Заңының қалыптасу тарихын және конституциялық реформалаудағы Жұмыс топтарының мүшелерінің үлесін көрсетті.

Конференцияның аралас форматта өтуі қатысушылардың географиясын кеңейтіп, пікір алмасудың интерактивті болуына мүмкіндік берді.

Қатысушыларға құттықтау сөздерін Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев, Жоғарғы Соттың төрағасы Асламбек Мерғалиев, Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасы Асхат Жұмағали және Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов және басқа да жоғары лауазымды мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлер айтты.

Конференцияның модераторлары ретінде Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Индира Әубәкірова және Мәжіліс депутаты, заң ғылымдарының докторы, профессор Марат Башимов сөз сөйледі. Спикерлер қатарында жетекші қазақстандық ғалымдар,  Германия, Италия, Ресей және Өзбекстаннан келген профессорлар, судьялар, депутаттар, мемлекеттік органдардың өкілдері және халықаралық сарапшылар болды.

Баяндамалардың кең ауқымдылығы – конституциялық әділдік пен сот реформасынан бастап, адам құқықтарын қорғау және құқықтық жүйелерді салыстырмалы талдауға дейін қамтылуымен көрініс тапты. Конференция қатысушылары 2022 жылғы конституциялық реформаны іске асырудағы жетістіктерді атап өтті, оның нәтижесінде елімізде адамның құқықтық қорғалуы нығая түсті, «Күшті Президент – Тиімді Парламент – Есеп беретін Үкімет» триадасы жүзеге асырылуда, сондай-ақ, «Естуші мемлекет» механизмдері күшейтілді. Еліміздің әділ Қазақстан, Заң және Тәртіп жолына нық қадам басқаны ерекше айтылды. Баяндамалар практикалық ұсыныстармен мазмұнды болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1016477?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version