⚜️Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2024–2026 жылдарға арналған құқықтық түсіндіру жұмыстары жөніндегі іс-шаралар жоспарының 30-тармағына сәйкес, ауылдық елді мекендерде, оның ішінде шалғай орналасқан ауылдарда да, жергілікті халыққа құқықтық көмек көрсету мақсатында «Құқықтық кабинет» ашу көзделген.
⚜️Аталған кабинетте әрбір азамат Қазақстан Республикасының заңнамаларын өз бетінше зерделеп, құқықтық сауаттылығын арттыруға, қажетті материалдармен танысуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, құқықтық сипаттағы мәселелер бойынша кеңес алып, заң аясында тиімді шешім табуға жәрдем алады.
⚜️Осыған орай, Қарақия ауданының Құланды және Сенек ауылдық округтері әкімдіктерінің ғимараттарында «Құқықтық кабинет» ашылып, оның қызметі туралы тұрғындар арасында ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді.
⚜️Құқықтық кабинетте азаматтар e-Otinish, Egov электронды үкімет порталы, сондай-ақ Adilet.zan.kz ақпараттық-құқықтық жүйесімен жұмыс істеу тәсілдерін меңгере алады. Бұл өз кезегінде тұрғындардың цифрлық және құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1016501?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау