Жаз келгенде қаламыздағы субұрқақтар көптеген тұрғындар мен қонақтардың сүйікті демалыс орнына айналады. Бірі қолын шайып, бірі бетін сергітсе, енді бірі суға түсіп, шомылғысы келеді. Алайда, субұрқақтар шомылуға арналмағанын есте ұстау маңызды. Олар қаланы көркейтуге және ауаны ылғалдандыруға арналған инженерлік құрылымдар.
Субұрқақтардың ішінде жарық шамдары, сорғылар және басқа да техникалық құрылғылар орналасқан. Солармен байланысқанда жарақат алу қаупі жоғары, өйткені бұл құрылғылардың барлығы электр желісіне қосылған.
Субұрқақтардағы су белгілі бір уақыт аралығында жаңартылып, тостағандары тазартылып отырады. Дегенмен бұл шомылуға қауіпсіз дегенді білдірмейді. Субұрқақтарда бассейндердей суды үнемі сүзгіден өткізетін жүйе жоқ. Әсіресе ыстық күндері судың ішінде бактериялар мен вирустар тез көбейіп, түрлі жұқпалы ауруларға себеп болуы мүмкін.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-saryarka/press/news/details/1015943?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау