Тағамға қосылатын биологиялық белсенді қоспаларды жарнамалауға қойылатын талаптар туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тағамға қосылатын биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) – тағаммен бірге тұтынуға немесе тамақ өнімдеріне қосуға арналған пробиотикалық микроорганизмдер, табиғи немесе табиғиға ұқсас биологиялық белсенді заттар.

Биологиялық белсенді қоспалар дәрілік зат болып табылмайды. Олар денсаулықты сақтауға арналған және биологиялық белсенді заттардың (тағамдық талшықтар, витаминдер, минералдар, амин қышқылдардың) қосымша көзі ретінде пайдаланылады.

Қазіргі уақытта тағамға қосылатын биологиялық белсенді қоспаларды жарнамалау Интернет ресурстарында, әлеуметтік желілерде және сыртқы жарнамаларда жиі кездеседі. Жарнама «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне, «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Биологиялық белсенді тағамдық қоспаларды жарнамалау ережесіне» сәйкес орналастырылуы тиіс. 

Биологиялық белсенді қоспаларды жарнамалау:

      1) қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ жарнама берушінің қалауы бойынша басқа тілдерде таратылады;

      2) дыбыстық жарнамаға арналған жарнамалық мәтіндерді қоспағанда, оқуға жеңіл, анық және түсінікті шрифтпен басылған;

      3) дәрілік заттармен салыстыруды болдырмайды;

      4) емдік қасиеттерге иелік ету туралы мәліметтерді мазмұнында болдырмайды;

      5) шынайы және анық танылатын болып табылады (арнайы білімді пайдаланбай немесе арнайы құралдарды пайдаланбай);

      6) тұтынушыларды сеніміне қиянат жасау арқылы, оның ішінде сипаттамаларына, құрамына, тұтынушылық қасиеттеріне, құнына (бағасына), пайдаланудың күтілетін нәтижелеріне, зерттеулер мен сынақтардың нәтижелеріне қатысты жаңылтпауға тиіс;

      7) ұтымды пайдалануға ықпал етеді;

      8) жарнамаланатын тағамға қосылатын биологиялық белсенді қоспаларды басқа жеке немесе заңды тұлғалардың өнімдерімен салыстыратын мазмұны бар, сондай-ақ олардың ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәлімдемелерді, суреттерді болдырмайды;

      9) жарнамадағы ғалымдардың, денсаулық сақтау саласының мамандарының, сондай-ақ өздерінің атақ-даңқының арқасында тағамдық қоспаларды қолдануға және (немесе) рецептілеуге ынталандыруы мүмкін мемлекеттік қызметкерлердің ұсынымдарына сілтемелерді болдырмайды.

  1. Биологиялық белсенді қоспаларды жарнамалау мынадай ақпаратты қамтиды:

      1) фирмалық атауы;

      2) құрамға енгізілген белсенді компоненттер туралы ақпарат;

      3) қолданудың негізгі көрсетімдері;

      4) енгізу тәсілі және дозасы;

      5) негізгі жанама әсерлер;

      6) негізгі қарсы көрсетілімдер;

      7) балаларға, жүкті әйелдерге, сондай-ақ бала емізу кезіндегі арнайы нұсқаулықтар;

      8) демалыс шарттары;

      9) пайдалану бойынша нақты және түсінікті ұсыныс;

      10) өндірушінің және өндіруші Қазақстан Республикасында шағымдарды қабылдауға уәкілеттік берген тұлғаның атауы, мекенжайы;

      11) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі, берілген күні.

Биологиялық белсенді қоспаларды жарнамалау әр жағдайда жарнаманың объектісі дәрі емес екендігі туралы ескертумен бірге жүреді.

Биологиялық белсенді қоспаларды жарнамалау халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

Павлодар облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және оның аумақтық департаменттері тағамға қосылатын биологиялық белсенді қоспалардың (БҚҚ) айналымын бақылауды қамтамасыз ету мәселесі бойынша мемлекеттік сертификаттың болуы бөлігінде күнделікті бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарда, әлеуметтік желілерде мониторинг жүргізеді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі биологиялық тағамдық қоспаларды тек диеталық өнімдерді сататын мамандандырылған дүкендер, азық-түлік дүкендері мен дәріханалар арқылы сатуға рұқсат береді. Заң бойынша барлық тағамдық қоспалар міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс. Егер олар тіркелмеген болса, оларды пайдалануға тыйым салынады.

Сізді қызықтыратын биологиялық тағамдық қоспаның тіркелуін Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми сайтында орналастырылған Мемлекеттік тіркеу куәліктерінің бірыңғай тізілімінен және «Экспорттық-импорттық қатынастардың бірыңғай терезесі» ақпараттық жүйесіндегі «Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер тізімі» бөлімінде таба аласыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1012324?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version