Жағатал ауылдық округінің әкімі Қ.Б.Тұрлыбековтың 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтауы
Құрметті Жағатал ауылдық округінің тұрғындары!
Сіздерді 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – халқымыздың егемендігін, бірлігі мен тәуелсіздігін бейнелейтін ерекше мереке. Мемлекеттік Ту, Елтаңба мен Әнұран – әрбір азаматтың жүрегінде мақтаныш сезімін ұялататын қасиетті құндылықтар. Рәміздер – мемлекеттілігіміздің негізі, елдігіміздің айғағы.
Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет – Отанға деген сүйіспеншілікпен өлшенеді. Сондықтан өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеп, рәміздерге құрметпен қарауға баулу – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Осы мерейлі күні әр шаңыраққа амандық, береке мен молшылық тілеймін. Еліміздің көк байрағы бейбіт аспанда әрдайым желбіреп, Тәуелсіз Қазақстанның беделі биіктей берсін!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhagatal/press/news/details/1012443?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау