Жағажайларға қойылатын санитариялық талаптар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жағажайларда және су объектілеріндегі басқа да жаппай демалу орындарында адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар қолданыстағы санитарлық қағидалармен белгіленеді.

Су қоймасының жанында демалу орындарын таңдағанда  жағажайларға бөлінген аумақтарға және судың жанында жаппай демалуға назар аудару керек. Олар төмендегі талаптарға сай болуы керек.

Демалуға және шомылуға арналған аумақ (жағажай) қоқыстардан тазартылуы керек. Жағажай аумағында күн сәулесінен шатырлар немесе қолшатырлар,шезлондар мен орындықтар, шезлонгтар болуы керек.

Шешіну үшін бір кабина 50 адамға есеппен жалпы немесе жеке кабиналар орнатылады

Жағажай аумақтарында дәретханалар бір орынның 75 келушіге есептелуімен, қоғамдық дәретханалардан шомылу орнына дейінгі арақашықтық 50 м кем емес және 200 м артық емес есебінен орнатылуы тиіс.

Жағажай жабылғаннан кейін күн сайын жағалауды,киім ауыстыратын бөлмелерді, жасыл аймақты тазалау, дәретханаларды тазалау және дезинфекциялау жүргізіледі. Күні бойы ағымдағы тазалау жұмыстары жүргізіледі. Жиналған қалдықтар уақытылы шығарылады. Құмды жағажайларда аптасына кемінде бір рет жиналған қалдықтарды алып тастай отырып, құмның беткі қабатын қопсыту керек. Қопсытылғаннан кейін құм тегістеледі. Жыл сайын құм немесе малтатас себіледі.

Жағажайларда кір жууға және жануарларды шомылуға тыйым салынады!

Сондай-ақ, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға арналған контейнерлер жағажайлардан 50 м жақын орналаспайды.

Сонымен қатар, шомылу маусымы басталар алдында объектілердің иелері, сондай-ақ мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыру су айдындарының суы мен жағажайлардан құмға санитариялық қағидалардың талаптарына және нормалау құжаттарына сәйкес зертханалық зерттеулер жүргізеді.

Су айдынының маңында демалуға арналған орындарды таңдау кезінде тұрғындарға Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 141/3 қаулысымен бекітілген ресми жағажайларға артықшылық беруді ұсынамыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1012320?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version