Жарқайың ауданында балалардың қауіпсіздігіне арналған конференция өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Заң мен Тәртіп идеологиясын ілгерілету аясында Державин қаласында Жарқайың ауданының прокуратурасы білім бөлімімен бірлесіп «Балалардың қауіпсіздігі – ортақ міндет» тақырыбында конференция өткізді.

 

Іс-шараның мақсаты – ата-аналар, мұғалімдер және әлеуметтік қызметтер назарын балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау мәселелеріне аудару және өскелең ұрпаққа қауіпсіз орта құру үшін күш біріктіру.

Конференцияға ауданның 20 мектебінің ата-аналары мен балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында күнделікті жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Аудан прокуроры жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу, интернет-алаяқтық және есірткі таратумен күрес шаралары туралы баяндама жасады. Ата-аналардың балалардың мінез-құлқындағы алаңдатарлық белгілерге дер кезінде көңіл бөлуі маңызды екені атап өтілді.

Полиция қызметкері жолда жүру ережелері мен ересектердің үлгі көрсетуінің маңыздылығын еске салды.

Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, төтенше жағдайлар бөлімі, аудандық аурухана, психологтар мен педагогтар мектепте және үйде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тәжірибелік шаралар туралы айтып, олардың дене және эмоциялық саулығына назар аударды.

Шара соңында ата-аналар мамандармен пікірлесіп, көкейдегі сұрақтарына жауап алды.

Жарқайың ауданының прокуратурасы балаларды заманауи қауіптерден қорғау және құқықтық түсіндіру бағытындағы жұмысын жалғастыра береді. Қауіпсіз болашаққа тек бірлесе әрекет ету арқылы қол жеткізуге болады.

 

Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1012391?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version