«2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекет Басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев «2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Осы орайда Департмент басшысы М.Сулейменов Х.Өзбекқалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінде «Өңірде ақпараттық технологияларды дамыту: жаңа бағыттар мен мүмкіндіктер» тақырыбындағы өткен форсайт-сессияға қатысып,ой-пікірлерімен бөлісті. Форсайт-сессияға Маңғыстау облысының Білім , Цифрлық технологиялар басқармаларының және өндірістік мекемелердің өкілдері, әлеуметтік серіктестер, өңір колледж өкілдері мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты. Форсайт-сессияда – Маңғыстау өңірінде IT саласының даму перспективаларын айқындау, аймақтық кадр даярлау мен цифрлық инфрақұрылымды жетілдіру жолдары, Цифрлық трансформация трендтерін талдау, бизнес және өндіріс саласындағы IT сұранысын зерделеу, аймақтағы IT мамандарға деген сұраныс туралы, IT-білім берудегі дуалды жүйе, WorldSkills тәжірибесі жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, Web-жасақтау, мобильді қосымшалар, колледждер мен кәсіпорын арасында нақты жобалық серіктестік туралы мәселелер талқыланды. Колледж базасын аралап құзыреттілік орталықтарының жұмыс барысымен танысты. Колледждің материалдық техникалық базасы жоғары деңгейде жасақталғаны қуантты. Сапалы білімге қол жеткізу үшін аянбай еңбек етіп жатқан колледж ұжымына алғыс білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-mangystau/press/news/details/1017279?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version