Бүгінде облыс колледждері машина жасау, ауыл шаруашылығы, тау-кен ісі, көлік, энергетика, IT, құрылыс және инженерияны қоса алғанда, экономиканың 15 негізгі бағыты бойынша 97 мамандық және 165 біліктілік бойынша мамандарды даярлайды.
2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша облысымыздың техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін 6 мыңнан астам студент аяқтауда. Оның ішінде 4 мыңы – жұмысшы мамандықтары бойынша, 1,5 мыңы – дуалды жүйе бойынша, ал 500-ден астам түлек кәсіпорындардың мақсатты тапсырысы бойынша оқудан өтті. Жұмыспен қамту көрсеткіші 82% құрады.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап сұранысқа ие техникалық мамандықтар бойынша оқыту толығымен тегін болады. Мемлекеттік гранттардың 70% – ы техникалық бағыттарға бағытталатын болады. Сонымен қатар, 2000-ға жуық студент кәсіпорындардың өтініштері бойынша оқитын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/1017041?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау