Астанада медициналық ұйымдарды аккредиттеу мәселесі талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің Астана қаласы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті медициналық ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі семинар-кеңеске қатысты.

Іс-шара Астана қаласында аккредиттелген медициналық ұйымдардың үлесін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Кеңеске Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, аккредиттеу орталығы, сондай-ақ медициналық ұйымдардың басшылары мен мамандары қатысты.

Кездесу барысында аккредиттеудің маңыздылығына, ұйымдар үшін артықшылықтарға, өңірдегі ағымдағы жағдайға және аккредиттеуден өтуге ынталандыруды арттыруға бағытталған шараларға қатысты негізгі мәселелер талқыланды.

Аккредиттеу, статистика және аккредиттеу ұйымдарының қызметі саласындағы ағымдағы ахуал туралы «Денсаулық сақтаудағы сапа және аккредиттеу институты» ҚБ төрағасы Фархат Газезов баяндама жасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-astana/press/news/details/1016962?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version