Бүгін, 13 маусымда, Астанада Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Отырысқа Қоғамдық кеңес мүшелері, салалық комитеттер мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде елдің қоғамдық-саяси және мәдени өміріне қатысты өзекті мәселелер қаралды. ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен үкіметтік емес ұйымдарға қатысты заң жобасы бойынша баяндама жасап, оны жетілдіру жөніндегі ұсыныстар мен іске асыру тетіктерін жан-жақты талдады. Вице-министр бұл тәсілдердің азаматтық қоғамды орнықты дамытудағы маңыздылығына ерекше тоқталды.
Отырыс барысында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мәселелері, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған іс-шаралар, сондай-ақ мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар бастамалар да талқыланды.
Жиын қорытындысы бойынша әзірленген ұсыныстарды салалық саясатты жетілдіру және азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықты тереңдету ісінде пайдаланатын болады.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1017065?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау