Департаменттің лицензиялау бөлімінің мамандары Ақпараттық технологиялар колледжі «Қашықтықтан басқарылатын авиациялық жүйе» техникалық және кәсіптік білім беру мамандығы бойынша және Павлодар технологиялық колледжі «Элеватор, ұн тарту, жарма және құрама жем өндірісі» мамандығы бойынша лицензияға қосымшаларды беру үшін біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау бойынша рұқсаттық бақылауын жүргізді.
Жұмысшы кәсіптері жылын өткізу жоспарын іске асыру шеңберінде, аймақтағы жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес, облыстық колледждер жаңа мамандықтары бойынша білікті кадрлар даярлауды жоспарлап отыр.
Колледждер оқу процесін жүзеге асыру үшін тиісті оқу-әдістемелік әдебиеттерді сатып алды, шеберханалар мен зертханалар заманауи материалдық-техникалық жабдықтармен жарақтандырылды, арнайы пәндер оқытушылары өндірісте тағылымдамадан өтті.
Барлық жұмыс жұмыс берушілерінің қолдауымен және ынтымақтастықта жүргізіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-pavlodar/press/news/details/1017126?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау