Энергетика министрлігінде діни сауаттылықты арттыруға арналған семинар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 13 маусымда Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде «Qamqor-Astana» қоғамдық қорының ақпараттық-түсіндіру тобының теологының қатысуымен ақпараттық-түсіндіру семинары өтті.

Іс-шараны Энергетика министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі Ләззат Қосаева ұйымдастырды. Семинардың мақсаты – қызметкерлердің діни сауаттылығын арттыру, рухани құндылықтарды нығайту және деструктивті діни ағымдарға қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Семинар барысында «Qamqor-Astana» қоғамдық қорының теологы — Нұрахметұлы Арман дәріс оқыды. Ол зайырлы мемлекет қағидаттары, діни мәселелерге саналы көзқарастың маңыздылығы, сондай-ақ интернет пен әлеуметтік желілерден алынған ақпаратқа сын көзбен қарау қажеттілігі туралы айтып берді.

Сондай-ақ, семинарға «Qamqor-Astana» қорының маманы Айдарқұл Марлен қатысып, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап беріп, қордың қызметі туралы өзекті ақпаратпен бөлісті.

Энергетика министрлігі шақырылған спикерлерге алғысын білдіреді және ұжымда тұрақты рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мақсатында мұндай іс-шараларды тұрақты түрде өткізу маңызды екенін атап өтеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/1017361?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version