«КЕНТАУ МЕНІҢ КӨЗІММЕН» ОБЛЫСТЫҚ ФОТОБАЙҚАУЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Кентау қаласының 70 жылдық мерейтойына орай облыстық деңгейде ауқымды фотобайқау ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты – қала және оған қарасты ауылдардың тыныс-тіршілігін, «Қаратау қорығының» көркем табиғатын, туризм әлеуетін кеңінен насихаттау, сондай-ақ фотография өнерін дамытуға серпін беру.
 
Бір айға созылған байқауға Түркістан облысының барлық аудан-қалаларынан кәсіби және әуесқой фотографтар қатысып, өз туындыларын жолдады. Қазылар алқасы тарапынан Кентау қаласының бірегей келбетін бейнелейтін, бұрын жарияланбаған үздік фотолар іріктеліп, сарапқа салынды.
 
Жеңімпаздар қатарынан: 1 орын — Ернар Бөрібаев (Мақтаарал ауданы)
2 орын — Нұрдәулет Сүлейменов (Жетісай қаласы), Темур Сабиров (Кентау қаласы)
3 орын — Нуриддин Искаков (Түркістан қаласы), Ермахан Мусаханов (Шардара ауданы), Нахып Шынтемиров (Түркістан қаласы)
 
Жеңімпаздарға арнайы алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Өзге де үздік туындылар иелері ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
 
Фотография — уақыттың үнсіз куәсі. Ал Кентаудың сұлулығы – нағыз шабыт көзі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1017121?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version