Концерттер, фестивальдар мен билер: қарағандылықтарды демалыс күндерін Орталық саябақта өткізуге шақырады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Осы демалыс күндері, 14 және 15 маусымда қарағандылықтарды Орталық мәдениет және демалыс саябағында қызықты бағдарлама күтіп тұр.

Сенбі күні, 14 маусымда қала тұрғындары мен қонақтары келесі шараларға қатыса алады:

– сағат 10:00 – Донор күнін мерекелеуге. Іс-шарада қалай және кім қан доноры бола алатыны туралы ақпарат алуға болады. Саябақта тақырыптық фотоаймақтар орнатылып, құрметті донорлар алғыс хаттармен марапатталады. Сондай-ақ, бағдарламада мерекелік концерт;

– сағат 11:00 – қайың тоғайында иірімжіппен, жіппен және ілмекпен тоқуды ұнататындарды күтеді;

– сағат 12:00 – Сабантойға, ұлттық татар мерекесіне шақфрады;

– сағат 16:00 – демалыс күнінің концерттік бағдарламасы.

Жексенбі күні, 15 маусымда саябақта іс-шаралар таңертең басталады. Сағат 08:00 йога әуесқойларын шақырады. Түрлі жаттықтырушылармен сабақтар бірден екі жерде өтеді: «Шахтер» футбол клубына арналған монументтің оң жағында және қайың бағында – Сейфуллин атындағы театр ғимаратының артында.

Сағат 10:00 қарағандылықтар зумба-жаттығуға қатысады.

Сағат 12:00-де Орталық саябақта Әке күніне орай спорттық іс-шаралар басталады. Бағдарламада отбасылық эстафеталар мен жарыстар бар.

Сағат 14:00-де Әкеге арналған «Әке асқар тау» концерті басталады. Сахнадан әкелер туралы әсерлі композициялар орындалады.

Сағат 17:00 «Стрит Бит Қарағанды» көше мәдениеті фестиваліне қатысуға ниет білдірушілер шақырылады. Бағдарламада көше билері мен заманауи музыка бар.

Сағат 19:00 – дәстүрлі демалыс күнгі концерт.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1017027?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version